Бразилиядағы ұшақ апаты Сан-Паулудағы көшеде шұғыл қонуға әрекеттенген кезде ұшақ автобусқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:20 шамасында Сан-Паулудағы Маркиз де Сан-Висенте даңғылында көліктерге соқтығысқан.
Ұшақ Кампо-Ди-Марти әуежайынан (Сан-Паулу) таңғы сағат 7:15 шамасында ұшып, Порту-Алегре қаласына бет алды.
Алайда ұшқаннан кейін небәрі бес минуттан соң әуе кемесі көшеге шұғыл қонуға тырысып, автобусқа соғылды. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, апат болған кезде автобуста жолаушылар болған жоқ.
Басылымның хабарлауынша, King Air F90 шағын әуе кемесі сегіз жолаушыны тасымалдауға арналған. Бортта апаттың құрбаны болған екі адам ғана болған.
Сондай-ақ Daily Mail "шұғыл қонудың себебі әлі белгісіз" деп жазды.
@metrouk A small plane crashed into a public bus today in Sao Paulo, Brazil, sparking a massive fire. Around 7.20 am local time on the Avenida Marques de Sao Vicente in Barra Funda, Sao Paulo, the small King Air F90 plane smashed into the ground during an attempted emergency landing. No passengers were onboard the bus, and it’s unknown how many were on the plane, which is able to carry eight passengers. #planecrash #brazil #breaingnews ♬ ■ News News-Drone-IT-AI(963995) - ImoKenpi-Dou
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!