- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бразилияда жолаушылар ұшағының...
Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі аталды: 62 адам қаза тапты
Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. g1 сайтына сілтеме жасап. Кейінгі мәліметтер бойынша, Бразилиядағы ұшақ апаты салдарынан 62 адам қаза тапты.
Бразилияда ATR-72 турбовинт ұшағының апатқа ұшырауына ұшақ қанаттарында мұздың пайда болуы себеп болуы мүмкін. Ұшақ тұрғын ауданға құлаған.
WATCH: Crash site of Voepass Flight 2283 in Vinhedo, Brazil. 62 people were on board pic.twitter.com/ngUhvEtSRS
— BNO News (@BNONews) August 9, 2024
Ұшақ басқарылмай, қатты мұзданған аймаққа кіріп, айнала бастады деген болжам бар. Ұшақ ауада айналып, кейін құлаған. Құлау салдарынан 62 адам қаза тапты - 58 жолаушы, екі бортсерік, екінші ұшқыш және әуе кемесінің командирі.
Апатқа қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Ұшақ Каскавелден (Парана штаты) Гуарульосқа (Сан-Паулу штаты) ұшты.
Полиция апатқа қатысты тергеуді бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек