Бразилия алты дүркін әлем чемпионы атанды

Футзалдан 10-әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Аргентинаны жеңіп, алтыншы рет әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финал Ташкенттегі "Хумо" аренасында өтті. Финалдық ойында Бразилия Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді. 

Бразилия құрамасынан Феррао мен Рафа гол соқса, Аргентинадан Матиас Роза ұпай әкелді. Осымен Бразилия құрамасы өз тарихында алтыншы рет әлем чемпионы атанып отыр. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің ширек финалында Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!