Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков ерлі-зайыптылар бір-бірінің телефонын қараған жағдайда тұлғалардың құқығы қаншалық бұзылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, кез келген адамның ұялы телефонын, хат-хабарларын қарау заңсыз саналады.
"Жұбайыңыз рұқсатыңызсыз телефон ақтарып, перепискаларыңызды ақтара ма? Онда осы видеоны жіберіп қойыңыз. Тек жұбайлар емес, біреудің телефонын рұқсатсыз қараса заң не дейді? Біле жүріңіз. ҚР Қылмыстық кодексі 148-бап: хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу.
1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады. Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір жазған. Тіпті кейбіреулер кейде тексеріп тұру керек екенін айтқан.
"Біраз әйел сотталып кететін түрі бар", "Әйелінен әбден зардап шеккен адам ойлап тапқан-ау", "Пікірлерге қарасам, қылмыскерлер көп екен", "Екі жастың ортасына есі кеткен түседі", "Ондай заңға бағынатын мен емеспін, арасында тексеріп тұру керек", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!