- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Браконьерлер аулаған 7...
Браконьерлер аулаған 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді
Фото:
ҰҚК
Браконьерлер аулаған 288 бекіре тұқымдас балық пен 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері ҚР-дың өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-рофилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізген.
- Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы анықталып, 23 жүзу құралы алынды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау жабдықтары тәркіленді.
- Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.
- 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды.
"Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина