- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірақ ұлым жоқ"....
"Бірақ ұлым жоқ". Баян Мақсатқызы қандай ене болатынын айтты
Атақты продюсер және актриса Баян Мақсатқызы егер ұлы болса, келінімен қандай қарым-қатынаста болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Егер менің ұлым болса, оның әйелі маған жақын құрбы болар еді... бірақ менің ұлым жоқ, сондықтан қызымның күйеуі - менің ұлым және досым! Көпшілік осы принциппен өмір сүрген кезде біз сау қоғамда өмір сүретін боламыз", - деп жазды Баян Мақсатқызы өзінің инстаграм парақшасында.
Сондай-ақ Баян Мақсатқызы әйелдер өздерінің келіндерін құрметтемейтінін айтты.
А. Жапатова"Ене - әйелдің өміріндегі басты абьюзер. Бұл қорқынышты. Жақында бір жағдай болды: ене өзінің келініне "сен әйелсің, сен өз орныңды білу керексің, сен екінші сұрыпсың, сен менің ұлымнан төмен тұрасың, сен бізге қызмет ету керексің, мен таңғы 6:00-де тұрамын, 6:15-те шай дайын тұру керек, аула сыпырулы болуы керек" деп айтқан. Мұны әйел әйелге айтып тұр. Біздің әйелдер өздерінің келіндерін құрметтемейді. Бұл біреудің қызы. Біз осылай өзімізді екінші сұрыппыз, әйелдер ер адамнан бір қадам төмен тұру керек деп ойлап және біреуді солай көндіретін болсақ, біз осындай қорқынышты жағдайларға (зорлық-зомбылыққа) ұшыраймыз.
Сондықтан бірінші кезекте ұлдарды тәрбиелеу керек. Қыз ит емес, жануар емес. Қыз - сенің болашақ балаларыңның анасы, сен оны қорғауың керек, құрметтеуің керек. Осыны ұлдардың миына құйып тастау керек", - деді атақты продюсер "Қыздар-ай" бағдарламасында.