- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір уыс топырақ...
"Бір уыс топырақ сала алмадым". Ердос Қанаев жантебірентер жазба жариялады
Ердос Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Бағлан Әбдірайымовтың өмірден өткен әкесіне арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ол қаралы хабарды естіген кезінде Меккеде қажылықта жүрген.
"Бәріміз тек естелік болып қаламыз...
Түптеп келгенде, бәріміз бір күні тек естелік болып қана қаламыз.
Сіз де өзіңізді жақсы көрген жүректердің ішінде енді тек естелік болып қала бермексіз Рашид көке.
"Бағланның әкесі Раббысына қайтты"- деген қаралы хабар Мен Меккеде қажылықта жүргенде келді. Суыт хабарды естігенде: "Иә Алла, иә Алла"- дей беру ғана келіпті аузыма.
Ең жақын адамым өмірден озғандай баз кешіп қалдым. Және, ол солай еді де..
Рашид көкем әкем болмаса да әкеміздей көретін едік. "Сен де менің бір баламсың"- деп отырушы еді үнемі...
Сол кезде Меккеде жүргенім текке емес екенін Раббым ұқтырғандай мені де Бағланмен қатар бір баласындай көрген жанға Раббымның кеңшілігін сұрап, бар дұғамды жасадым.
Тек бір "Әттеген-ай"-ым жаназасына қатысып, бір уыс топырақ сала алмағаным.
Жарықтық Рашид көкем бұл өмірде ең мықты екі қаруды өзіне серік етті. Ол Үнсіздік (үндемеу) пен күлімдеу. Бұл екеуі адамды ажарландырмаса қор қылған емес. Және өте сабырлы жан еді. Сабырлы жан екенін қиыншылығын ешкімге айтпауынан, ауруын ешкімге көрсетпеуінен білетін едік.
Иә, уақыт қашады. Бағынбайды. Бағындырады.
Басқарады. Дегенін істетеді. Жасты қартайтады,
жаңаны ескіртеді, болғанды жоқ етеді.
Бұл-Өмір!
Ең бастысы артында саналы Бағландай ұлы мен салихалы қыздары қалды әлхамдулиллә...
Көңілге медет болар жұбаныш осы болса керек.
Енді біздің қолымыздан келетіні артыңыздан Құран бағыштап, дұға жасау ғана.
Әке-асқар тауың!
Әкең өмірден өтсе, тауың шағылғанмен бірдей.
Бұл уақытша қысқа ғана өмір!
Мәңгілік өмірде әкешіңмен бірге болуды Алла тағдыр етсін Досым.
Қайғыңа ортақпын.
Алла рақымына бөлеп, Фирдауысты нәсіп етсін көкемізге", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін әнші Бағлан Әбдірайымовтың әкесі дүниеден өткені хабарланған болатын. Кейінірек әнші Желідегі парақшасында әкесіне арнап жазба жариялады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Абысынға қандай тілек айтуға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә