Әлеуметтік желіде балалы әйел қызға шабуыл жасаған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
zhest_kazakhstan Instagram-арнасы мәліметінше, супермаркетте әйел қызға жұдырық ала жүгірген. Ал видеодағы қыздың сөзінше, шабуыл жасаған әйел мас, бейадекват күйде болған.
"Ешкімге қол тигізбедім, әйел мені саусағыммен түртіп, кейін қорлай бастады. Содан кейін жұдырық ала жүгірді, оған ештеңе айтпадым. Ол маған шабуыл жасады, шашымды жұлып, тырнады, одан ішімдіктің иісі шығып тұрды", - дейді қыз.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі әйелдің әрекеті дұрыс емес екенін жазған.
"Оған біреудің денсаулығына зиян келтіруге кім рұқсат берді?", "Қамқорлық органдары бұған назар аудару керек, оның үстіне, ішімдік ішсе", "Арыз жазу керек, айыппұл төлесін", - дейді олар.
Полиция департаменті мәліметінше, оқиғаны Жетісу ауданының полиция басқармасы тіркеген.
"Алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында 1995 жылы туған Т.-ға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан әрі іс жүргізу материалдары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы бойынша шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз