- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір үйде екі...
"Бір үйде екі келін тұру қиын": желіде танылған абысынды-келіндер отбасылық өмірі туралы бөлісті
"Ерекше келін" лақап атымен тіркелген қызылордалық Аянат пен Гүлназ абысынды-келіндер әлеуметтік желі оқырмандарына қызық видеоларымен танымал. Келіндік өмірдің түрлі жағдайларын түсіретін олардың Tik Tok желісінде 78 мың оқырманы бар. Бір үйде тұратын қос келіннен отбасылық өмірі, ата-енемен қарым-қатынасы туралы Massaget.kz тілшісі cұхбаттасты.
"Он адам бір шаңырақта тұрамыз"
Үлкен келін Аяна Tik Tok желісіне видео түсіруде 2019 жылы бастаған.
-"Негізгі мамандығым - ветеринар-фельдшер. Үйде отырғаннан кейін көңілімді аулап, басқа іспен шұғылданғым келді. Әрі осы арқылы табыс тапқым келді. Сондай ниетпен видео түсіріп бастадым. Қазір Instagram мен Tik Tok арқылы табыс тапқаннан кейін, күнделікті жұмысымызға айналып кетті. Сондықтан да, үй тірлігімен қатар алып жүреміз. Бірақ, видеоларды арнайы сценарий жазып, жоспар құрып түсірмейміз. Үйдің тірлігін бітірген бойда ойымыздағы идеяны түсіреміз", - деді Аяна.
@erekshe.kelin Балаңды зорға ұйықтаттым дегенде осылай оятатындар барғой я?? То күйеуің то басқа????? Осылай нервный боласыздарма сіздерде????#сұлу #келіндертүсінеді #декреттакойдекрет #абысынтатуболсааскөп✅ #Congelar #жеңгесіменқайнсіңлісі #келінжан #балалыүйбазар #рекомендации ♬ оригинальный звук - Қызылорданың Келіні?
Кіші келін Гүлназ есепші мамандығын бітірген.
"Жеңеше екеуіміздің бір үйде тұрып жатқанымызға төрт жыл болады. Әзіл ретінде видеода абысынды- келіндердің арасындағы айналадан көргендерімізді түсіреміз. Бірақ, арамызда ондай реніш, "жиза" оқиғалар болып көрмепті", - деді Гүлназ.
Қазір олар Қызылорда қаласында ата-енесімен бірге бір шаңырақта тұрады.
"Қызылордада ата-енемізбен бәріміз бірге оншақты адам болып тұрамыз. Менің екі ұлым, Гүлназдың қызы бар. Үй жұмысын күніге бөліп істейміз. Біріміз ас әзірлесек, келінім бала қарайды. Біріміз үй жинасақ, екіншіміз аула сыпырамыз", - деді келіндер.
"Тамақтың еті қайда?
Үйде де бірдей киініп жүретін келіндер бір-бірімен әзілдесіп, әрқашан позитивті көңіл-күйде жүреді. Олардың айтуынша, болашақта ата-енесімен де видео түсіру ойда бар.
"Ата-енеміз бен күйеулеріміз біздің видео түсіретінімізге мүлде қарсылық танытқан емес. Керісінше "жассыңдар, барлығын да көріңдер" деп әрқашан қолдап отырады. Бізге қажет уақытта көмектеседі. Болашақта ата-енемізбен де түсіру ойымызда бар. Жалпы үйде видео түсіріп болған кезде міндетті түрде балалар қарап тұрады. Түсіріп беткен бойда кезектесіп, тамақ пісіреміз, балаларға қараймыз. Видеоларымызды өзіміз қысқартып, түзеп, желіге саламыз. Бір-бірімізге жүктеп қойған "сен міндеттісің" деген аса бір қатты талап жоқ. Өзара түсінісіп, қолдауға тырысамыз", - деді келіндер.
@gulnazkelin #абысынтатуболсааскөп✅ #қалжың #рекомендации #әзіл #?????? #fypシ ###рек ♬ оригинальный звук - ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БЛОГЕР КЕЛІН
Ата-енесінің блогты үзбей қарайтынын айтқан келіндер осыған қатысты қызықты оқиғасымен де бөлісті.
- "Мынадай қызық болған. Бір күні ет қуырып, тамақ пісіргенімізді сториске салған едік. Енем "тамақтың еті қайда?" деп сұрады. "Мама, еттің суы тартылып күйіп кетті де, үлгермегесін картоп қуырдық" деп айттық. Енем де, "бәсе, сторис болмаса білмес едім" деп бәріміз бір күліп алдық, - деді келіндер.
"Алғашқы жарнама үшін 500 теңгеге алдық"
Блогерлер хейтке назар аудармайтынын айтты.
-"Сенесіз бе, ең алғашқы жарнаманы 500 теңгеден алдық. Бұл әрі қарай дамытуға, нәтиже көретінімізге үміт берді. Жауапкершілік алып, өзімізді қалыптастыруға осылай кішкентай қадамдар жасай беру керек екенімізді түсіндік. Қазір бағамыз да өсті. Жарнаманы да тексеріп аламыз. Ал хейттерге назар аудара бермейміз. Төменге жазылған пікірлерді де оқымаймыз.
Болашақта блогымызды әрі қарай дамытып, көп келіндерге үлгі болғымыз келеді. Бала тәрбиесімен айналысып, үйде отырған аналарға әрекет ету керек деп айтқымыз келеді. Себебі әрбір кішкентай қадам үлкен мақсаттарға алып келеді. Бұған қажырлы еңбек керек", - деді блогерлер.
@erekshe.kelin #CapCutVelocity #келіндертүсінеді #декреттакойдекрет #CapCut #абысынтатуболсааскөп✅ #абысындар #балалыүйбазар ♬ оригинальный звук - Нургелды Dragon ?
"Бір үйде екі келін тұру қиын"
Келіндердің әр таңы 6:30-да басталып, әрі қарай үй тірлігімен жалғасады.
- "Таңымыз балаларды балабақшаға жіберумен басталады. Таңғы ас ішіп болғаннан кейін, жеңешем үйдегі жөндеу жұмыстарына көмектеседі. Ал мен енеммен қысқа банка жабуға көмектесемін. Балаларды да қарап үлгереміз. Үй жинау, тамақ пісіру деген тірліктерді, кім бос - сол айналыса береді. Реніш болмас үшін әр күнді бөлісіп алғанбыз. Мысалы, түскі асты бүгін мен пісірсем, ертең жеңешем пісіреді. Сол үшін де көп қиындық тудырмайды", - деді кіші келін Гүлназ.
Келіндер бір үйде екі келін тұруы қиын болғанымен, ата-ененің рөлі зор екенін түсіндірді.
- "Негізі бір үйде екі келін тұру қиын. Себебі екі адам, екі түрлі мінез болады. Ал соны бір жерге біріктіріп , сыйлы ету бірінші ата-енемізге байланысты дер едік. Әрқашан тату болып, сыйластықта жүру керегін айтып отырады. Ешқашан бізді бір-бірімізден бөліп-жарған емес. Не сыйласа да, екеумізге бірдей береді. Жалпы бір үйде тұратын абысынды-келіндерге әрқашан үлкен кішіні, кіші үлкенді сыйлап тұрғаны жөн дер едік. Себебі "кемедегінің жаны бір" демекші, бір кемеде болғаннан кейін сол отбасының ұйытқысы болып, екі бауырдын сыйластығын арттыратын әйел адам екенін әрқашан есте ұстау қажет", - деді олар.
Еске салайық, бұған дейін кореялық арудың Түркістанға келін болғаны туралы жарияланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы