Бір түйір мандариннен де аллергия пайда болуы мүмкін

Аллергияның пайда болуы жеген мандариннің санына байланысты емес. Бұл аурудың пайда болуына бір түйір мандариннің өзі жеткілікті болуы мүмкін. Бұл туралы Аif.ru-ге эндокринолог, диетолог Антон Поляков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эндокринолог мандаринді көп мөлшерде жегендерде ғана аллергиялық реакция пайда болады деген пікірді жоққа шығарды.

"Аллергияның пайда болуы жеген мандариннің санына байланысты емес. Оған тіпті біреуі жеткілікті болуы мүмкін. Ең қарапайым мысал - тозаң. Жазда көптеген адам тозаңға аллергиядан қиналады, бірақ адам тыныс алу арқылы оның қанша мөлшерін жұтады? Ол миллиграмм, микрограмм болуы мүмкін. Бірақ соған қарамастан, қатты аллергиялық реакция басталады. Адам бір грамм жаңғақ жеп, анафилактикалық шок алады. Адамның ағзасы әртүрлі. Аллергияның қалай дамуына, оған ағза қалай әсер беретініне түрлі факторлар әсер етеді: күйзеліс, тамақтану, иммундық жүйенің жағдайы, генетикалық бұзылыстар, бұрын немен ауырды немесе қазір немен ауырып жүр және т.б", - деді дәрігер.

Маман егер цитрусқа аллергияңыз бар екенін білсеңіз, оларды жемеуге кеңес берді. Ал кішкентай баланың рационына мандаринді аз-аздан бастап қосып, оның оған аллергиясы бар-жоғын тексерген дұрыс. Алайда 1 жасқа толмаған балаға мандарин беруге болмайды.

Оқи отырыңыз: Күніне қанша мандарин жеуге болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!