- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір топ домбырашы...
Бір топ домбырашы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғап жатқан спортшыларға қолдау көрсетті
Бір топ домбырашы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғап жатқан спортшыларға қолдау көрсетті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
"Қарақат" музыка мектебінің дарынды домбырашылары Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызда Парижде өтіп жатқан Олимпиададағы еліміздің спортшыларының алғашқы жеңістеріне арнап, концерт ұйымдастырды. Балалар №351 пойызының жолаушыларына ерекше атмосфера сыйлады.
"Домбырашылар белгілі қазақ композиторы Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін орындады. Балалар Алматыға Өскеменде өткен музыкалық сайыстан жеңіспен оралып келе жатты. Перронда балаларды туыстары мен жақындары күтіп алып, жеңістерімен шын жүректен құттықтады", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында хабарландыру жүйесі арқылы Олимпиадада медаль жеңіп алған спортшылардың есімдері айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек