- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір топ адам...
"Бір топ адам шабуыл жасап, пышақ сұққан": Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Фото:
Видео кадры
Алматыдағы дәмханалардың бірінің маңында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде қала жолдарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Кадрларда бір топ адамның ер адамды ұрып-соғып жатқаны, кейін оның қанжоса болып жерде жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ер адамға пышақпен шабуыл жасалған.
Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар.
Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару тәркіленді.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек