- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір топ адам...
"Бір топ адам шабуыл жасаған". Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Фото:
видеодан алынған кадр
Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырған.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы