“Бір тиын төлеген жоқпын“. Баян Мақсатқызы құрбысының фильміне тегін түскен

“Бір тиын төлеген жоқпын“. Баян Мақсатқызы құрбысының фильміне тегін түскен
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы Айгүл Иманбаеваның фильміне тегін түскен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әдетте Баян Алагөзованың гонорары бір миллион теңгеден басталады екен. 

Бұл туралы Айгүл Иманбаева сұхбатында айтты. 

"Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баянның түсірілім алаңындағы бір күні миллионнан басталады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. "Айгүл, мен келемін" деді. "Мен сенің бір киноңа жоқ демедім" деп көзімді алартып бастап едім, "Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамын" деді. Солай келді", – деді Айгүл Иманбаева. 

Еске салайық, Баян Алагөзова мен Айгүл Иманбаева жақында "Көке" комедиясын прокатқа шығарған болатын. Алагөзоваға осы жылы киноға түсу бойынша 10 ұсыныс келген, алайда ол тек "Көке" фильмінің шақыртуын қабыл алған.

"Ұсынысын қабылдауыма бірінші себеп – Айгүл Иманбаева менің жан досым. "Көке" фильмінің түсіріліміне үш күн қалғанда "Шұғыл, құтқар, маған сенің көмегің керек" деп хабарласты", – деп мән-жайды түсіндірді ол сұхбат барысында.

Айгүл Иманбаева Баян Мақсатқызын фильмге түсіруге көндіру үшін "Мен саған қажет кезде ешқашан жоқ демедім" деп, құрбысын жанды жерінен ұстаған екен. Баян Мақсатқызында ұсынысты қабылдаудан басқа амал болмапты.

"Алғашында үш күн жұмыс жасауға келіскен мені режиссер Асылжан (Айгүл Иманбаеваның ұлы – еск.) сегіз күн түсуге көндірді", – деді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева