- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір тиын ақша...
"Бір тиын ақша бермеймін". Айгүл Иманбаева ұлының жетістігі туралы айтты
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұлының кино әлеміндегі қадамына баға беріп, бұл жұмысына моральдық тұрғыдан ғана қолдау көрсететінін жеткізді. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен, Иманбаева ұлы Прагадағы академияда оқып келгенін атап өтті.
"Кино әлемінен мен де алыс емеспін. Бірақ ол маманы. Бірінші Прагада академияда оқыды. Оны бітіріп келгеннен кейін Жүргеновтің "режиссер" мамандығын бітірді. Еуропада "оператор" мамандығында оқыған болатын. Театр актерлары сахнаны ғана көріп, кейде шетін көзіміз көрмей жатса, кинорежиссерлерге камераның нысаны арқылы бүкіл әлемді көре алатын талант берген. Сол жағынан балам ұтылған жоқ деп ойлаймын. Өзінің дөп мамандығын тапты. Менің қолдауым моральдық қолдау ғана, бір тиын ақша бермеймін. Басында "мен саған білім бердім, тәрбие бердім, әрі қарай өзің жасап ал, сенде бірнәрсе жоқ" деп айтқанмын. "Бүкіл жиған-терген менікі ғана және менің жиған-тергенім саған азық болмайды" деп ашық айттым. Қысқа метрлі фильмінде дос-жарандары, өздері тиындап-тебендеп жасады. Жарнама түсірді. Мирас Жүгінісовтің клипін түсірді. Содан жиған ақшаларын өздеріне жұмсады. Ал екінші түсірген қысқа метражды фильмінде "Қазақфильм" қорынан жас режиссерларға мүмкіндік берілген. 80-нен аса жас режиссер тапсырып, үшеуі өткен. Соның бірі балам екен. Оған қуандық. Қоңырау шешпейді ол жерде. Іріктеу жоғары деңгейде өтті", - деді ол.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева - эстрада әншісі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Ол - танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші әйелі, олардың Асылжан атты ұлдары бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова