Көрермен көңілінен шыққан бірқатар толықметрлі кинолардың актері, әнші Дәурен Серғазин "Время" басылымына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бақыт тыныштықта екенін, сондықтан жеке өмірін көпшілікке көрсетпеуге тырысатынын жеткізді.
"Бақыт тыныштықта. Жеке өмір деген аса қадірлі, құнды болғандықтан, өмірімнің бұл бөлігін көпшілікке көрсетпеуге тырысамын. Әлеуметтік желілерде бәрін көрсету жаман деп айтпаймын, бұл әркімнің жеке таңдауы. Менің әйелім үйде отырмайды, ол да актриса, бір театрда жұмыс істейміз, сондықтан біз барлық уақытты бірге өткіземіз. Әрине, тәулік бойы бірге жүру қиын, бірақ арада махаббат болса, бәрін бірге жеңесіз", - деді ол.
Сонымен қатар, актер ерлі-зайыптының арасындағы қарым-қатынасты қалай сақтауға болатынына кеңес берді.
"Егер адам отбасын сақтап қалғысы келсе, сүйіктісіне ұнау үшін бәрін істейді. Екіншісі де солай істейді. Ереже тамақтану, хобби, сыпайық секілді өмірдің барлық жағын қамтиды. Мысалы, егер әйеліңізге жағымды сөздер керек болса, оны айтуды үйреніңіз. Адам өзіне керектің бәрін үйінен таба алу керек. Дайын тізім жоқ, бастысы - сіздің қарым-қатынасыңыз үшін жан жарыңызға жағымды нәрсе істеуге деген ұмтылыс. Бұл менің пайымдауым, мүмкін ойым қате шығар. Бірақ мен өзім үшін осыны түсіндім", - деп қорытындылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал актер Дәурен Серғазин балалық шағындағы қиындықтар туралы айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шыртылдақ тағамын қалай пісіреді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!