18 тамызда ел аумағында екі орман өрті тіркелген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлер бойынша:
- Павлодар облысында 1 өрт;
- Катон-Қарағай МҰТП-да 1 өрт тіркелген.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК әуе патрульдеуі барысында дер кезінде анықталған.
"Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК күштері мен техникасы жұмылдырылды. Қазір өрт ошақтары толық ауыздықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова