- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір сыныпта 52...
"Бір сыныпта 52 оқушы". Астана мектептерінде орын жеткілікті ме?
Елордалық білім басқармасы қала тұрғындарының сыныпта бала санының көптігі мен мектептердің жетіспеушілігі туралы наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл әлеуметтік желіде Астана мектептерінде бір сыныпта 52 бала оқуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Қазір орта есеппен қала мектептерінде бір сыныпта қанша бала оқиды" - деп сұрады журналистер елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтен.
Шенеунік Астана мектептерінде оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі өте өткір екенін мойындады. Қазіргі уақытта қалада 26 мың балаға орын жетіспейді.
"Сегіз мектепте балалар үш ауысымда оқиды. 18 мектепте бала саны өз сыйымдылығынан асып кеткен. Бірақ, бір сыныпта 52 бала оқиды деген дерек жоқ. Елорда мектептерінде бір сыныпта 30-дан 34-ке дейін бала, үш ауысымды мектептерде-35-36 бала оқиды", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан