- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір стақаны 20...
Бір стақаны 20 мың теңге: Үнді қарасорасын сатумен айналысқан тұрғын ұсталды
Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеден сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Таразда полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 35 жастағы тұрғынды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан өсімдік тектес кептірілген заттары бар пакеттер және бақшасынан ерекше иісі бар жасыл түсті 10 түп өсімдік табылды. Сараптама қорытындыларына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдіктер қарасора есірткісі, ал қолдануға дайын кептірілген зат - жалпы салмағы 1,7 келі болатын марихуана болып шықты.
Сондай-ақ 16 калибрлі 4 патрон тәркіленді. Ер адам Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеге сатқан.
"Ұсталған адам кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Баптың санкциясы мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", – деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина