Киім сату маманы Жансая Махабаева әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлінің образы қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер образындағы жакетін 60 мыңға сатып алған.
"Ал белдемшесі шамамен 40 мың теңге. Dior брендінен алған аяқкиімі шамамен 500 мың теңгеге алған. Сқмкесі де Dior брендінің бестселлері - 2,8 миллион теңге", - дейді Жансая Махабаева.
Сонымен қатар, маман блогердің әшекейлері қанша тұратынын есептеген.
"Екі сақинасы да Cartier брендінен екен: Love коллекциясы - 1 миллион теңге, ал Just in clou коллекциясынан алған сақинасы 2,5 миллион теңге. Ал қалған екеуі Bulgari брендінен: біріншісі - Be zero коллекциясынан үш алтыннан жасалған 1,6 миллион теңге, екіншісі Serpenti viper коллекциясынан 5,3 миллион теңге тұратын сақина. Білезігі 2 миллион теңге, сағаты шамамен бес миллион теңге".
Сонымен, блогер Фариза Төреәлінің бір суреттегі образы 20,8 миллион теңгеге бағаланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!