Танымал әнші Қайрат Нұртастың киімдері мен аксессуарының бағасы халықты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде стилист танымал әнші Қайрат Нұртастың біркүндік образына талдау жасады. Әншінің брендтік заттардан тұратын бір образы шамамен 9 миллион теңгеге бағаланды.
Қайрат Нұртастың образындағы ең қымбат аксессуар - швейцариялық Rolex брендінің сағаты. Оның нарықтағы құны 8 миллион теңге.
Видеоның астына желі қолданушылары "Сағатыңды берші, өзім тұратын жерден үш бөлмелі үй алайыншы" деп жазып жатқандар да табылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!