- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір сағатта 3...
Бір сағатта 3 рет жүрегі тоқтаған: жүкті әйел таңғажайып жағдайда аман қалды
Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ауыр созылмалы ауру салдарынан 30 жастағы Анастасияның жүрегі үш рет тоқтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскеніне бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылған.
1 ай бойғы дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді, сөйлеуді қайта үйренген.
"Олар менің баламды құтқарып, қайта тірілткендей болды", - дейді Анастасияның анасы.
Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінде науқастың жағдайы жақсы екенін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова