Семейде полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат - мефедронды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл - шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.
Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар - 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан.
Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз