Бір реттік 1 500 доза: полиция құны 20 миллион теңгеден асатын мефедрон тәркіледі

Бір реттік 1 500 доза: полиция құны 20 миллион теңгеден асатын мефедрон тәркіледі
Фото: polisia.kz

Семейде полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат - мефедронды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл - шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.

Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар - 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан.

Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget