Қостанай облысының тарихи-өлкетану мұражайынан қазақ батыры Амангелді Имановтың суреті табылды. Сирек кездесетін жәдігерді мұражай қоймасындағы қызметкерлер көрме үшін материал жинаған кезде тапқан, - деп хабарлайды "Хабар24".
Көрме Амангелді батырдың 150 жылдығына арналған. Ол сәуірдің басында Астанада өтеді. Сонымен қатар, Имановтың балалары мен оның әскербасыларының суреттері де табылған.
Портрет 1956 жылы Ұлт-азаттық қозғалысының 40 жылдығына орай салынған. Оның авторы - суретші Николай Крутильников. Портрет 15 мың дана тиражбен шығарылған.
"Бұл портрет бір рет қана көрсетілген. Сол 1956 жылдары. Міне, 70 жылдан кейін 3 сәуірде Астанада оны көпшілікке ұсынбақпыз. Содан кейін ол Ақтөбе облысына жіберіледі, сол жерден ұсыныс түсті", - Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Батырхан Жұмабай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!