Алматы облысында қайғылы жағдайға тап болған отбасы неден уланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 мамырда сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама түскен. Нәтижесінде 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қаза тапқан. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Бұл дерек аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы уланып қайтыс болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!