Қазгидромет 17, 18, 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде қар жауады?
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы жерлерде қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ болады. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.
Ауа температурасы
- Батыста күндіз ауа температурасы +18…+25 градус болады.
- Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін, күндіз +13…+18 градустан +15…+20 градусқа дейін аздап құбылады.
- Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін, күндіз +6…+12 градустан +12…+17 градусқа дейін аздап өзгереді.
- Орталықта күндіз ауа температурасы +10…+20 градус болады.
- Шығыста түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін аздап құбылады. Күндіз +3…+12 градус, таулы жерлерде -2 градус болады.
- Оңтүстікте түнде +2…+7 градус, күндіз +18…+25 градус болады.
- Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 градус, таулы жерлерде +3…+8 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова