• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бір өңірде жүргізушілерді дрондар бақыламақ

Фото: Видео кадры

Маңғыстау облысында жолдағы құқықбұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті республикалық тасжолдар мен өңірдегі жолдарда жол қозғалысын бақылау үшін дрондар қолданыла бастағанын мәлімдеді.

"Ұшқышсыз ұшу аппараттары жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді. Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқықбұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол апатының алдын алуға кепілдік береді", - деді полиция.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget