• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бір өңірде 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартқан

Бір өңірде 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартқан
Фото: Midjourney

Түркістан облысында 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізеді. Себебі ішімдік сатылмайтын елдімекендерде кейінгі жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген. 

Сарыағаш ауданының Мәдениет ауылында 1500-ге жуық адам тұрады. Учаскелік инспектор Мұрат Төлегеновтің айтуынша, екі жыл ішінде елдімекенде бірде-бір қылмыс болмаған.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 63 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартқаны хабарланды.

Қарағанды облысындағы арақтан бас тартқан ауылдың барлығы шағын елді мекендер санатында. Мұндағы тұрғындар саны мыңға жуықтайды. Мәселен Қарақұдық ауылында 693 адам тұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget