Бір нюанс бар: Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілді

Ресейдегі мұсылмандарға төрт әйелге дейін алуға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. Алайда ол үшін бір шарт бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, күйеуі барлық әйеліне әділ әрі тең қарауы қажет. 

"Ер адамның бір уақытта екінші, үшінші немесе тіпті төртінші діни некеге отыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Бұл әйелдің денсаулығына байланысты бала туа алмауы, оның репродуктивті жасына жетуі немесе басқа да объективті себептерге байланысты. Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық сәйкессіздік жағдайында рұқсат етіледі. Сондай-ақ әйелдің бала туудан бас тартуы сияқты жағдайлар да ескеріледі", - деді Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы төрағасының орынбасары және Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов.

Ол ер адамның барлық әйелін тең қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті, яғни ол әр әйеліне бөлек баспана әперуге, сондай-ақ әрқайсымен келісілген кезек бойынша уақытты тең өткізуге тиіс. Егер бұл талаптар сақталмаса, ер адамға көп әйел алуына рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар некеде тұрған ер адам тағы бір діни некеге отыру кезінде барлық баланы асырап алуға, сондай-ақ нотариус арқылы өсиет құжатын рәсімдеуге міндетті.

Алайда Ресей Конституциясы бойынша мемлекеттік органдарда тіркелген бір ғана неке мойындалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!