"Бір құпияны ашайын". Ерке Есмахан күйеуін қалай ғашық еткенін айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан көптен бері айтылмаған құпиясын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бір құпияны ашайын. Мен мінсіз болмағаным үшін күйеуім маған ғашық болды. Қыздар, мінсіз, тілалғыш немесе үнемі жертва болып жүруден қашыңыздар", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ерке Есмаханның мұндай ой қозғауына желідегі оқырманының "Ерке, сен мінсізсің!" деген сөзі себеп болыпты. "Жоқ, мен мінсіз емеспін! Мен жай ғана қызықпын" деп басталған жазбада танымал әнші күйеуін қалай ғашық еткенін жазып, қыздарға ақыл-кеңес беріп өткен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!