Әнші Мөлдір Әуелбекова 10 күн балалар үйінде тұрғаны туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ғашық жүрек" фильмінің режиссері Асқар Ұзабаев актрисаға балалар үйінде тұруын өтінген.
"Ол кезде баламын ғой. Режиссер балалар үйіндегі тұрмыс-тіршілікті көруді ұсынды. Бірінші күннен соң қашып кеттім. Бірге ойнадық, бірге тамақтандық. Балалардың көзқарасы, тағдыры басқаша болатынын сол кезде түсіндім. Өте ауыр. Кетіп қалғаннан кейін режиссерге соғып айттым. Бірақ ол қайта баруымды өтінді. Егер сонда тұрмасам, бұл киноны шынайы алып шықпас едім", - деді әнші.
Әнші бала асырап алғысы келетін арманы бар екенін айтты.
"Бала асырап алғым келеді. Өз баламды осыған дайындап жүрмін. Жағдайы жоқ, балалар үйіне жиі апарып тұрамын. Қазір балам қарсы емес. Бірақ әлі ертелеу сияқты", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!