Бір күнде үш рет шағым түскен: Астанада ер адам автобуста жанжал шығарған

Астанада бір күн ішінде 47 жастағы тұрғынға қатысты полицияға үш шағым түскен. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы оқиға автобуста болған. Мас күйдегі ер адам балағат сөздер айтып, жолаушы әйелмен жанжал шығарған. Әйел полицияға жүгінген.

Автобустан түскеннен кейін ол аялдамада тағы бір әйелмен сөзге келіп, оған да әдепсіз сөздер айтқан.

Кейінірек ер адам велосипед тізгіндеген адаммен жанжалдасып, оның велосипедін лақтырып жіберген. Осы оқиғадан кейін ол да полицияға арызданған.

"Полиция қызметкерлері құқық бұзған адамды анықтап, оны ұстады. Оған қатысты екі рет ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Астана ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!