- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір күнде тұмаудан...
"Бір күнде тұмаудан қайтыс болды". Қызын құтқара алмаған педиатр әке оқиғасын айтты
Жасөспірім қыздың денсаулығында ешқандай кінәрәт жоқ болатын. Ол тіпті тұмауға қарсы екпе алдырған. Бірақ бәрі бір сәтте өте шықты. Оны дәрігер болып жұмыс істейтін әкесі де құтқара алимады. АҚШ-та Осыдан 3 жыл бұрын баласынан айырылған 53 жастағы дәрігер Сезар Термуло қызының қалай қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
"Менің 16 жасар қызым Риздің денсаулығына байланысты проблемалар болған жоқ. Созылмалы аурулармен ауырмады. Ол мектептің би тобында өнер көрсететні және сыныптағы ең жақсы оқушылардың бірі болып саналды. Мен секілді дәрігер болғысы келді", — деді Сезар today порталына берген сұхбатында
Қайғылы жағдай боларын ешкім сезбеді
Сезар Термуло тұмаумен ауыратын балаларды жиі емдейтін. Қызының симптомдары 9 қаңтарда таңертең пайда болды. Мектепте қыздың қызуы көтеріліп, жөтел қыса бастады. Сезар қызын сабақтан жұмысқа алып кетті. Бейкүнә әке қызын тексерген кезде тұмау жұқтырғанын біліпті. .
"Мен оған тұмау вирусының ферменттерін блоктайтын препарат бере бастадым. Риз аздап шаршады, бірақ әлі де үй тапсырмасын орындап, достарымен сөйлесе алатын күйде еді", - дейді ол.
Келесі күні таңертең қыз қатты жөтелден қабырға астындағы кеудедегі ауырсынуға шағымданды.
"Мен адамдардың тұмаудан өліп кетуі мүмкін екенін білдім. Бұл әдетте бактериялық пневмониядан туындайды. Сондықтан мен оның өкпесін бірден тексердім. Бірақ ешқандай пневмонияның белгілерін байқамадым. Ысқырықты сырылдар, әлсіреген немесе тез тыныс алу, ентігу жоқ болмады", — деп еске алады дәрігер.
"Қызымның о дүниелік болып кететін белгілерін байқамадым. Жұмысқа кетер алдында: Риз, Сен сауығып кетесің", - дедім. Бұл менің оған айтқан соңғы сөздерім еді.
Қауіпті асқыну
Біраз уақыттан кейін Риздің анасы қызына жаңа піскен сорпа беру үшін бөлмесіне кіреді. Ол кезде қыздың демі үзілген болатын.
"Әйелім жасанды тыныс алдыруға тырысты. Жедел жәрдем шақырып, содан кейін маған қоңырау шалды. Мен үйге жүгірдім. Мен келгенде дәрігерлер қызымды жедел жәрдем көлігіне тиеп үлгерді. Олардың бірі: "Біз оның жүрек соғу жиілігін өлшей алмаймыз", - деді"
Қыздың өлімі ауруханада белігілі болды. Оның себебі тұмау және оның өкпесінде табылған стрептококктан туындаған пневмония деп аталды.
"Біз бір күн бұрын стрептококк сынағын жасадық және ол теріс болды. Бірақ стрептококк оның қанына таралып, тіпті миынан табылды. Пневмония сепсисті тудырды, бұл оның жүрегін тоқтатты", - дейді Риздің әкесі.
Сақ болыңыз!
"Балалар дәрігері ата-аналарға ескертеді: Тұмау зиянсыз мұрыннан су ағу, жөтел немесе температура ғана емес. Егер вирус пневмониямен асқынса, бұл күтпеген өлімге әкелуі мүмкін. "Менің қызым тұмау диагнозы қойылғаннан кейін бір күннен соң қайтыс болды", — дейді Сезар.
Алайда Риз қайтыс болардан бір ай бұрын тұмауға қарсы вакцина алған еді. Бірақ оған енгізілген вакцина қыздың қайтыс болуына сеп болған в/Виктория тұмауының штаммына таралмады.
"Мен адамдарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырамын. Бірақ ол менің қызыма көмектеспеді", — дейді көңілсіз әке. Көліктегі қауіпсіздік белдіктері де әрқашан өлімнен құтқара бермейді, бірақ бұл жалаңаш жүруді білдірмейді. Иә, вакцина жүз пайыз кепілдік бермейді, бірақ егер ол ауыр нәтиже алу мүмкіндігін азайта алса, оны алу керек!", - деп сөзін түйіндеді Сезар Термуло
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов