Қызылорда облысында полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл тұрғын 2017 жылғы қазанда есірткі, психотроптық заттарды сақтаған. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы күдіктіні Алматыда ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тағы екі іздеуде жүрген адам анықталды. Олар автокөлік жымқыру және ұрлық қылмыстары үшін іздеуде жүрген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз