- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жер сілкінісі
Бір күнде екінші рет. Алматы облысында тағы да жер сілкінісі сезілді
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦСНиИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі тіркеді. Жер сілкінісі 2025 жылдың 2 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 17:13-те болғаны атап өтілді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 192 шақырым жерде орналасқан", - делінген ұйымның хабарламасында.
Болжамды балл: Шонжы, Көкпек, Шелек, Жаркент, Сарыөзек ауылдарында, сондай-ақ Текелі және Талдықорған қалаларында 2 балды құрады.
Еске салайық, бұған дейін бүгін Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.
Өткен жылдың желтоқсан айында Алматыдан 712 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин