Шымкенттегі шағынаудан тұрғындары нашақорларға шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, нашақорлар Нұрсат шағынауданындағы көппәтерлі үйлердің бірінің тұрғындарын шошытып отыр.
Жергілікті тұрғындар үйінің артында олардың орны бар екенін айтады. Онда кешке нашақорлар жиналып, есірткі сатушылар жұмыс істейді екен. Тұрғындардың сөзінше, бұл жерде қолданылған шприцтер де жатады.
"Жақында 500-ге жуық шприц жинадық. Бір кеште ғана жиналған. Мұнда нашақорлардың притоны бар, онымен үш жылдан бері күресіп келеміз", - дейді жергілікті тұрғын.
Жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешу оңай емес екен.
"Шприцтерге келсек, аумақты тазарттық және құзыретті органдарға жүгіндік. Рейд шаралары ұйымдастырылуы керек. Олар мұнда саябақ салуды сұрап отыр, бірақ біз олай істей алмаймыз", - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз