Бір күнде 28 баланың тұсауын кескен Қарақат Әбілдинаға оқырмандары шүйлікті

Бір күнде 28 баланың тұсауын кескен Қарақат Әбілдинаға оқырмандары шүйлікті
Фото: instagram/karakat_a

Әнші Қарақат Әбілдина бір күнде 28 баланың тұсауын кескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.

"Аллаға шүкір, тұсаукесер тойымызды аман-есен атқарып алдық. 28 құлыншақтың тұсауы бір күнде кесілді. Қадамдарыңа Алланың нұры жаусын, ботақандар! "Алыстан жете алмадық" деп хабарласып жатқан көп жанға айтарым, еш мұңаймаңыздар. Осы жолы болмаса, келесі жолы бұйырар. Ең бастысы бас аман, ниет түзу болсын, әлі талай той алда. Жарқырай берiңiздер, жақсы адамдар!", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Әншінің оқырмандары бұған қатысты түрлі пікір қалдырған. 

"Осыдан бес жыл бұрын 50 мыңға кестіргем, қазір  білмеймін", "Неге тегін кеспейсің, бәрін бизнеске айналдырып отырсың, тұсаукесерді атам қазақ тегін кескен ғой", "Қаршадай Дәулет Мұкаевтің өзі тегін кеседі", "Әулеттерінде, отбасыларында тұсау кесетін адам жоқ па? Бауырлары ата-аналары туғандары бар емес пе?" - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек