- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір күні көшеде...
"Бір күні көшеде де болды". Танымал журналист бала кезінде жақын досы зорлағанын айтты
Танымал журналист Вячеслав Половинко Facebook парақшасында 12 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, мұны жақын достарының бірі істеген.
"Шамамен 12 жасымда ең жақын достарымның бірі бірнеше рет зорлады. Әрине, бұл ойын, жаңа тәжірибе ретінде көрінді... Бұл досымның үйінде, тіпті бір күні көшеде де болды", - деп еске алды ол.
Вячеславтың айтуынша, уақыт өте келе бәрі өздігінен тоқтаған, қыздарға деген қызығушылық пайда болған, мансап жолы қалыптасқан. Бірақ естеліктер өшпеген, оған қоса адамдарға деген сенімсіздік күшейе түсіпті.
Вячеслав жасөспірім кезінде болған оқиғалары үшін "адамдардан кек алғанын" мойындайды.
"Досымның есімін жарияламаймын (қазір араласпаймыз), оны істеген ісі үшін баяғыда кешірдім. Бірақ адамдарға деген сенімсіздік қалып қойды және бұл өзімнің де көптеген әділетсіздік, зорлық-зомбылық, жағымсыз істер жасауыма, өзіме қажетсіз, орынсыз нәрселерге жол беруіме әкеп соқты. Бұл қаншалық ауыр екенін білемін", - деп жазды ол.
Ер адам жазбасында өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұраған.
"Қайта-қайта кешірім сұрауға дайынмын: басқалар мен үшін азап шегіп жатқанына ұяламын", - дейді Вячеслав.
Сонымен қатар, журналист бұл жазбаны не үшін жариялағанын түсіндірген.
"Түсіністік пен тыныштық сұрау үшін. Аяушылық сезімін тудыру үшін емес, мені түсіну үшін. Шын мәнінде қорқынышты зұлым емес екенімді, мен де дәл солай "сынған" адам екенімді түсіну үшін. Бұл жаздба бірінші кезекте өзіме қажет болды... Басқаларға да көмегі тисе, қуанамын", - деп қорытындылады ол.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап келгені хабарланған еді. Кейінірек жәбірленушінің анасы да тың мәлімдеме жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова