Бұдай былай өңір аумағына келген шетелдіктер облыс орталығында аялдағандарына қарай ақша төлейді. Мұндай ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет Қаулысымен туристік жарна төлеудің ережесі бекітілген болатын. Шетелдіктерді аймақ аумағына орналастыру туралы шешім екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
"Былтыр ол нөл пайыз мөлшерлемемен орындалған. Ал биылдан бастап келу бағасынан бес пайыз асырылмайтындай етіп бекітілді. Қалада осы есепті ережеге сәйкес деп тапты", – деді қалалық спорт, дене шынықтыру және туризм бөлімі туризм секторының меңгерушісі Біржан Нұрсоветов.
Оның сөзінше, шетелдіктерден түскен ақша туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қалалық бюджетке құйылады. Аталған норма Өскеменде өзге елдерден келушілер қарасының көбеюі себепті бекітілді. Енді олар қалада аялдаған әр күндеріне ақша төлейтін болады.
"Мәселен, шетелдіктер үшін қонақүйдегі орташа баға 12 мың теңгені құрайды. Соның бес пайызы 600 теңге. Ол сомма кешіктірілмей төленіп қоюы тиіс", – деді Біржан Нұрсоветов.
Айта кетейік, аталған норма мамыр айы бітпей орындалмақ.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!