- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір күдікті 16...
Бір күдікті 16 жаста: Алматы облысында ер адам кісі қолынан қаза тапты
Алматы облысында 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 желтоқсанда Іле ауданы Полиция басқармасына Өтеген батыр ауылы көшелерінің бірінде 40 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша дереу полицияда тіркелді.
"Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1993 және 2007 жылғы екі күдіктіні ұстады. Олар өз қылмысын толық мойындап отыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Әленов.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Күдіктілер заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова