Әнші Серікбол Сайлаубек әкесі ұлды тәңірден жалынып сұрағанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Ұйқым келмейді бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаздың айтуынша, үйде төрт қыз болғандықтан, әкесі ұлды қатты күткенін жеткізді. Серікбол Сайлаубек сұқбаттырының бірінде әкесі туралы оқиғаны баяндап бергенін. Бірақ ақпараттың қате тарап кеткенін, оқырмандары әншінің әкесіне ренжулі деп ұйғарған. Серікбол Сайлаубек бұл әңгіменің қисынсыз екенін айтып, жоққа шығарды.
"Мұны кім, қалай жазғанын білмеймін. Мен жалпы оқиғаны айттым. 16-17 жасымда әкемнен айырылып қалдым. Ол кісінің жүрегі тоқтап, марқұм болды. Әйтпесе, әкеміздің жанында болдық. Ол кісіге ренжитіндей жөнім жоқ" - дейді әнші.
© әлеуметтік желі
"Мен анамның айтқан әңгімесін баяндап бердім. Әкем Алладан "бір көзі соқыр болса да, ұл берші" деп сұрапты. Төрт қыздан кейін ұл сұраған. Әр ер адамға ұл керек қой. Менің туғаннан сол жақ көзім көрмейді. Осы әңгімеден кейін көпшілік басқаша түсінген екен. Ал "әкесіне ренжулі" деген әңгіме қате. Әкеме ешқашан ренжімегенмін. Мұндай әңгімеден аулақ болыңыздар. Әке деген асқар тау", - деді Серікбол Сайлаубек.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін айтқан еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!