- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бір кәсіпкер ғана...
“Бір кәсіпкер ғана зардап шекті“. Атырауда өртенген сауда үйінің заңгері мәлімдеме жасады
Кеше Атырауда өртенген "BAIZAAR MALL" ЖШС-ның заңгері Руслан Ізбасаров ӨКҚ брифингінде ғимараттың жағдайы және алдағы жоспары туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, өрт салдарынан бір ғана кәсіпкер зардап шеккен.
"Қазір сараптама басталып, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары қатар жүргізіледі. Кешегі өрттің салдарынан бір ғана кәсіпкер зардап шекті, ол - өрт шыққан "Детский мир" дүкені. Қалғандары өртті сөндіру кезінде су астында қалды. Әзірге келтірілген зиян мөлшері анық емес. Бағалау жүргізіледі", - деді ол.
Айта кетейік, зардап шеккен кәсіпкердің сақтандыруы бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі құрылтайшысы Ресейде екен.
"Біздің тарапымыздан барлық жалға алушыларды бос тұрған кезеңдегі төлемдерден босатамыз", - деді заңгер.
Еске салайық, Атырау облысында ойын-сауық орталығында шыққан өрттің себебі айтылған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева