- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір картинаның құны...
"Бір картинаның құны 150-200 мың теңге аралығында". Қызылордалық суретші күрішпен сурет салып жүр
Қызылордалық суретші Еркін Мақашев күрішпен сурет салуды бастағалы отыз жылға жуықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше өнердің машақаты аз емес. Ең қиыны - күріштің таңдалған материалға жабысқанын күту.
"Ол үшін ДВП немесе ДСП материал керек. Бетіне бір емес, екі рет желім жағып, екі рет күріш себемін. Бетін оқтаумен тегістеп, екі күнге қалдыру керек. Кепкенін күтемін. Бұл жерде күрішті езіп алмау маңызды. Қатып қалған соң акварельмен сурет саламын", - деді кейіпкеріміз.
Ағамыз Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
"1995 жылы Алматыдағы көркемсурет училищесін бітіріп келгесін осы университетке жұмысқа орналастым. Мейрамбек деген кісінің күріштен сурет салатынын байқайтынмын. Осылай қызығушылығым оянды. Кейін тәжірибемен шыңдалдым.
Картина салу үшін үш-төрт келі күріш керек. Күріш болғанда да желімді жақсы сіңіретін - "Ақмаржан" сорты ғана. Ол берісі бір аптада, әрісі он күнде дайын болады. Бір картинаның құны - 150 мың мен 200 мың теңге аралығында. Ең қымбатын Алматыдан тапсырыспен алдырды", - деді суретші.
Назерке Саниязова
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы