Қостанайлық оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай мектептерінің бірінші ауысымында оқитын оқушылары жұмада қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы таратты. Мұның себебі - күннің бұзылуы. Қазір қалада қарлы боран соғып тұр.
Сонымен қатар Қостанай облысы Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының мектептерінде сабақтар тоқтатылды.
Бұған дейін "Қазгидромет" Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар, боран, ал күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында қар мен боран болады деп болжады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысы мен оңтүстігінде 13, күндіз 0-5, оңтүстігінде және шығысында 8 градус аяз болады.
Қостанайда жұмада ауа райы бұлтты болып, түнде және таңертең қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!