Қазнетте бір жынысты адамдардың үйлену тойының видеосы тарады. Онда некеге тұрғандардың бірі "Қазақстан министрінің ұлы" екені жазылған. Бұл жалған. Видеоның Қазақстанға қатысы жоқ, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Бұл видео Желіде биыл қарашаның басында шыққан. Оны Сирия мен Ливандағы Желі қолданушылары таратқан. Түпнұсқа видеода қазақ тілінде емес, араб тілінде ән шырқалады.
Ливан жаңалықтар порталдары мәліметінше, үйленіп жатқан адам - сол елдің тумасы. Екінші некеге тұрған адам кім екені белгісіз. Оның түрі видеода да көрсетілмейді.
Сондай-ақ, жазуға назар аударған жөн. Қазақстанда "Қазақстан министрі" деген лауазым жоқ. ҚР Үкіметінің құрамына әртүрлі министрліктердің 19 министрі және бір премьер-министр кіреді.
Осылайша, бір жынысты адамдардың үйлену тойынан тараған видеоның Қазақстанға қандай да бір қатысы бар деуге ешқандай негіз жоқ. Алдымен ливандық қолданушылар жариялаған, ал ерлі-зайыптының нақты кім екені немесе ұлты белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!