Танымал блогер Ырысбала Икрамбай халықпен бірігіп, мұқтаж отбасына пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің сөзінше, бұл - халықтың қолдауымен алынған 93-баспана.
"3 ұлы бар, екі ұлы ерекше бала. Жолдасы өмірден өткен анамызға сыйға тартылатын баспана. Бағасын беретін өздеріңіз, жақсымызды асырып жаманымызды жасырып көріңіздер", - деп жазды блогер.
"Қу басым не көрмей келе жатыр. Зиянсыз өтірікті жұбату етіп тағы жыламсырап шықтым. Бұл өмірде мұрагерім, ізбасарым деп Алладан ұл сұраймыз. Ерекше бір ұлды қолына көтерген, екінші ерекше баланы қолынан жетектеген қайсар ананың белі қиындыққа қайыспа, майыспа. Шыдауға тиіссің, себебі балалардың әкесі о дүниелік болған, бұл балалар сізден басқа ешкімге керек емес. Алла сүйген құлына сынақты береді шыда,шыда дегеннен басқасына жол жоқ, амал да жоқ. Айдың он бес күні қараңғы болса, он бес күні жарық", - дейді блогер.
Желі қолданушыларының барлығы дерлік блогерге ризашылығын білдірді.
"Қоныс құтты болсын. Берекелі баспана болсын!!!". "Рысбала, сөз жоқ, жарайсың, Алла саған екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", "Бір жылап аласың. Бір тәубәңе келіп қаласың", "Осы шаңырақта ендігі тек той болсын", - дейді олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!