• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бір жыл ішінде қандай тауарлар қатты қымбаттады?

Бір жыл ішінде қандай тауарлар қатты қымбаттады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айлық, жылдық индекс

Ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,5 пайыз болған (қаңтарда - 1,1%). Бір ай ішінде ақылы қызметтер 2,1%-ға, азық-түлік тауарлары 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 1%-ға өскен.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Астанада байқалған: 2,9%, ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда 0,7%.

Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы - 9,4%. Жыл ішінде ақылы қызметтер 14,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7%-ға, азық-түлік тауарлары 6,5%-ға қымбаттаған.

Бір жыл ішінде баға қалай өзгерді?

  • Суық суға тариф – 70,7%,
  • Электр энергиясына – 21%,
  • Жылуға – 18,2%,
  • Су бұруға – 17,3%,
  • Ыстық суға – 14,5%,
  • Тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2%,
  • Қоқыс төгуге 11,1%-ға өскен.

Одан бөлек:

  • Теміржол көлігінің қызметтері 20%-ға;
  • Ұялы байланыс қызметтері19,5%-ға;
  • Медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 18,4%-ға;
  • Сәлемдемелер жіберу 17,7%-ға;
  • Дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5%-ға қымбаттады.

Тағы не қымбаттады?

  • Ноутбук бағасы 67,2%-ға;
  • Ас үй пеші 55,4%-ға;
  • Сымсыз құлаққаптар 47,7%-ға;
  • Планшет 46,8%-ға қымбаттаған.

Азық-түлік ішінде не қымбаттады?

  • Картоп – 62,1%;
  • Пияз – 27,3%;
  • Қырыққабат – 20,2%;
  • Сарымсақ – 18,3%;
  • Қызылша 15,2%-ға қымбаттаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget