- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ туралы
Бір жыл ішінде жол апатынан қанша бала көз жұмғаны белгілі болды
Полиция ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігіне байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, биыл 10 айда жол апатынан 267 бала көз жұмған. Олардың жартысынан көбі көлікте жолаушы болған. Басым көпшілігін ересектер қауіпсіздік ережелерін бұза отырып тасымалдаған, яғни арнайы орындықты, адаптерлер мен ұстағыштарды пайдаланбаған.
"Заңнама бойынша елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін балаларға арналған орындықтарды пайдалану міндетті. Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Жол апатын азайту үшін ел мектептерінде жас инспекторлар отрядтары құрылған. Олар полицейлермен бірге қатарластарына жол жүрісі қағидаларын үйретеді.
Еске салайық, бұған дейін 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова