Бүкіл әлемде 55 мыңнан аса IT маман жұмыссыз қалған. Сарапшылардың айтуынша, бұл - алаңдататын көрсеткіш, - деп хабарлайды 24.kz.
Телеарна мәліметінше, бұл - былтыр бір жыл ішінде технологиялық секторда қысқартуға ұшыраған адамдардың үштен бірі.
Жақында Intel, Microsoft секілді ірі технологиялық алпауыттар да осындай қадамға баратынын ескерткен. Өткен аптада америкалық Alphabet компаниясы да 12 мың адамды қысқартатынын жариялады. Сарапшылар еңбек нарығындағы бұл жағдайға жаһандағы экономикадағы дағдарыс себеп болғанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!